Адами капитал

Жүгүнісовтар отбасы: «Мерейлі отбасы» – күллі қоғамның отбасылық құндылықтарын арттыратын қажетті байқау

Жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өзгелерге үлгі боларлықтай отбасылар қатысады. Олар еңбекқор, спорттық немесе шығармашыл әулеттер болуы мүмкін.
Казахстан17 Тамыз , 19:49

Осындай отбасылардың бірі  - Жүгүнісовтар отбасы, олардың барлығын музыкаға деген махаббат біріктіреді.

«Біздің отбасымызда мен жолдасыммен бірге балаларымызды ұлттық салт дәстүріміз аясында тәрбиелеуге тырысамыз. Олардың бойына Отанына, ұлтына, тіліне деген махаббатты сіндіруге тырысудамыз. Отбасымызда алты адам, Рүстем, Мирас, Мұхамедәли мен Алтаир есімді төрт ұлымыз бар. Олардың барлығы музыканы жақсы көреді және түрлі байқауларға қатысады», – деді отбасының анасы Айнұр Жүгүнісова.

А. Жүгүнісова атап өткендей, Мерейлі отбасы» байқауы – өте керек және ол отбасылық құндылықтарды насихаттайды.

«Қазір көптеген адамдар отбасының қадір қасиетіне жете бермейді, жастар ойланбай үйленеді, ал отбасы – ол әр адамның сарқылмас байлығы», –  деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Жүгүнісова атап өткендей, бұл байқауға қатысу отбасылық құндылықтарын одан ары дамытуға серпін берген.

«Мерейлі отбасы» –  күллі қоғамның отбасылық құндылықтарын арттыратын қажетті байқау. Бізді осы жобаға қатысуға шақырды, құжаттар жинауға көмектесті, сонда біз олардың қаншалықты бізді қолдайтынын сезіндік. Біз осындай байқауға қатыса алатынымызға қатты қуандық», – деді  А. Жүгүнісова.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика