Адамзаттық капитал

«Антитеррор» арнайы мақсаттағы рота жауынгерлері шартты бандалық құралымды жойды (ФОТО)

Атырау гарнизонына қарасты 41433 әскери бөлімінің «Қаработан» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері арасында ауқымды жиын өрістетілді. Бір айы бойы әскери қызметшілер далалық жағдайда тактикалық арнайы және атыс даярлығын пысықтайды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Атырау 17 Тамыз, 19:32

Жиында жауынгерлердің түрлі кәсіби оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауы қарастырылды. Сонымен қатар «Антитеррор» арнайы мақсаттағы ротасы шартты заңсыз құралымды заласыздандыру бойынша операцияға қатыстырылған болатын.

Аталып өткендей, бұл жиындар ҚР ҚК әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлық жоспарының бір бөлігі болып саналады. Далалық жағдайда жауынгерлер іс жүзіндегі жауынгерлік дағдыларын нығайтады, шеберлігін шыңдайды, қауырт түскен тапсырмаға жылдам ден қойып, оны сапалы орындайды.

Сабақ барысын ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жеке өзі бақылауға алды. Ол «Қаработан» полигонына барып, арнайы мақсаттағы ротаның жеке құрамымен іс жүзіндегі атыстарға қатысты. Нәтижесінде бас қолбасшы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінеқарасты арнайы мақсаттағы бөлімшежауынгерлерінің кәсіби шеберлігі нығайғанын атап өтті.
 





Яндекс.Метрика