Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Астанада БҰҰ-ның халықаралық күні тойлануда

Астанада БҰҰ-ның халықаралық күніне және Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 20 жылдық ынтымақтастығына орайластырылған семинар-таныстырылым өтті.
Астана қаласы24 Қазан , 14:27

«Қазақстанның БҰҰ-на кіруінен кейін оның барлық шараларына белсенді араласа бастады. Өз жерінде көптеген халықаралық форумдарды өткізді. БҰҰ-ның белсенді және жауапкершіл мүшесі екенін көрсетті», - деп ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарма академиясының ректоры Болатбек Әбдірасілов мәлімдеді.

Семинар жұмысына БҰҰ агенттігінің өкілдері, дипломатиялық корпус өкілдері мен министрілік пен ведомстволардың өкілдері қатысты.

«Шараның басты мақсаты – Қазақстанда өткізген 20 жылдың қорытындысын талқылау. Айта кетерлігі, БҰҰ әлемде тұрақтылықты дамыту мен адам құқығының сақталуына бағытталған. БҰҰ-ның негізгі мақсаты – әлемді оңтайландыру», - деп ҚР БҰҰ-ның Тұрақты Төрағасы Стивен Тулл мәлімдеді.  

Айта кетейік, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына 1992 жылдың 2 қазанында кірді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика