Адамзаттық капитал

Ақтауда «Каспий теңізі - 2015» байқауының күміс жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

Су үсті кемелері экипажы мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің арасындағы теңіз және дала дағдылары бойынша «Каспий теңізі - 2015» халықаралық байқауында Қазақстандық команда екінші орын алды. Ақтауда күміс жүлдегерлерге құрмет көрсетілді, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау 17 Тамыз, 18:59

ТМД мемлекеттері Қарулы күштерінің су үстімен жүретін кемелердің экипаждары мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы «Каспий теңізі-2015» байқауы ресейлік тараптың бастамасымен өткізілді

Сайысқа қатысушы мемлекеттердің флоттарының бір негізгі және бір резервтік кемелері, теңіз жаяу әскерінің бір бөлімшесі жіберіледі.

Жалпы, байқау үш кезеңнен тұрды: біріншісі - «Каспий дербиі» (теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамының арасында өткізіледі), екіншісі - «Каспий кубогы» су үстімен жүретін кемелер экипаждарының арасында өткізілді. Үшінші кезең - «Спорттық», оған байқауға қатысушы елдердің теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы және су үстімен жүретін кемелердің экипаждары қатысты. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика