Өңірлер

Павлодар облысының әкімі Железин ауданында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды тексеріп қайтты

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Железин ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты. Сапар барысында аймақ басшысы «Пахарь» ШҚ ЖШС және «СтройБиоРесурс» ЖШС агроқалашығын аралады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар17 Тамыз , 18:24

Аталып өткендей, Пахарь» ШҚ ЖШС «8200 га алқап суармалы егіндік жерге қызмет көрсетуге арналған агроқалашық пен өндірістік-тұрғын үй кешені, 4500 бас қара малға арналған репродуктор, 9000 бас еттік қара малға арналған бордақылау алаңы құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыруда. Қазіргі уақытта жобаның 80 пайызы іске асырылған.

«СтройБиоРесурс» ЖШС-нің негізгі қызметі – ағашты дайындау және кесу, ағашты кептіру және дайын өнімді (қайың тақтайы, паркет, жиһазға арналған ағаш, жиһаз қалқаны және т.б.) қайта өңдеу.

«Кәсіпорын Уәлиханов ауылында ағаш өңдеу кешенін салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда. Аталмыш кешен жылына 42 мың кубометрге дейін ағашты күрделі өңдеу қуатына ие. Нысанның жалпы құны 300 миллион теңгеден астам қаражатты құрайды», - делінген хабарламада.

Кәсіпорынды аралап шыққан аймақ басшысы Қ.Бозымбаев «СтройБиоРесурс» ЖШС басшылығына орман ағашы кесілгенде, тұрғындар тарапынан орманның сақталуы жөнінде бірқатар сауалдар орын алу мүмкіндігіне байланысты қызметтерін ашық түрде жүргізуді тапсырды.

«Сіздерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. Тек заң аясында жұмыс жасау керек, ескі ағаштарды кесу санитарлық кесу бойынша жүргізілуі тиіс. Мен сіздерді ескертемін, егер жергілікті орманды көзсіз кесе берсеңдер, қатаң жаза қолданамын,- деп қадап айтты  әкім.

Бұдан басқа, аймақ басшысы Қ. Бозымбаев орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген 7,5 км созылған «Башмачное – Озерное» автожолын тексерді. Железин ауданының әкімі Қ.Әбушахмановқа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жолдарды жаңарту жұмыстарын жалғастыруды, сонымен қатар, жергілікті маңызы бар жолдардың сапасына баса назар аударуды тапсырды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика