Адами капитал

Теміржолшылардың пойыз жүріп бара жатқан кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі сыналуда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ станция еңбеккерлерінің пойыз қозғалысы қауіпсіздігі шараларын сақтауда қолданыстағы тәртіпті, ережелерді және лауазымдық қызметіне сай нұсқаулықтарды білуі сыналуда, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан17 Тамыз , 18:09

«Мамандардың біліктілігін сынау сабағы мен емтихандары биылғы тамыз айына белгіленген «Жол бөлімшесінің, станция еңбеккерінің белгі беру және байланыс қызметі бұзылған жағдайда немесе стандарттан тыс оқиға орын алған кездегі іс қимылы» айлығы  аясында қаралады», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, сала жетекшілері өздерінің қарамағындағы еңбеккерлердің стандарттан тыс жағдайларда өзіндік шешім қабылдау қабілетін де сынап көреді. Мәселен, пойызды жалған ақпарат беріп бағыттауыш бұрма бос емес кезде жіберуге тырысып көреді. Немесе бағыттауыш бұрма мен белгі беру және байланыс құрылғыларының ақаулығын анықтауға бұйырады. Мұндай шараларға басқа саланың да мамандары тартылып, белгі беру және байланыс саласының, электрмен жабдықтау саласының тәжірибелі мамандары мен өндіріс шеберлері тәжірибесімен алмасады.

Бұл айлықты өткізудегі басты мақсат- бөлімше және станция еңбеккерлерінің кәсіби шеберлігін көтеру, пойыз қозғалысының тұрақты және қауіпсіз атқарылуын қамтамасыз ету, пойыз қозғалыс маневрлік айналымдарда стандарттан тыс жайларда шешім қабылдау кезінде қиындықтан тез шығуға үйретеді.

Айлықтың қорытындысы қыркүйектің алғашқы онкүндігінде шығарылады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика