Білім беру

«Жас ұлан» мектебі жаңа ереже бойынша 80 тәрбиеленуші қабылдай алады

«Жас ұлан» республикалық мектебі жаңа ереже бойынша 80 тәрбиеленушіні оқуға қабылдауға дайын, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Казахстан 17 Тамыз, 20:43

Осы уақытқа дейін 7 сыныпты бітірген балалар қабылданып келсе, енді жаңа ережеге сәйкес «Жас ұлан» мектебіне жалпы білім беру мектептерінің 9 сыныбын бітіріп, негізгі орта білім туралы куәлік алған жастар түсе алады.

Осылайша мектеп тәрбиеленушілерінің құрамын жақсарту жоспарлануда, «9 сыныпты бітірген жасөспірім өз бетінше таңдау жасайды, саналы түрде өз өмірін әскери қызметші кәсібімен байланыстырғысы келген жастар әскери мектепке түседі.

Қазір Қазақстанның түрлі өңірлерінен Астанаға ата-аналарымен келген балалар кәсіби-психологиялық іріктеуден өтуде. Психологиялық тестілеуден соң олар дене даярлығы мен медициналық куәландырудан сәтті өтуі қажет. Бұл соңғы қорытынды іріктеуден өтуге мүмкіндік береді. Үш кезеңнің нәтижелерімен негізгі орта білімі туралы куәліктің орташа ұпайына сәйкес қабылдау комиссиясы қабылданғаны немесе бас тартқаны туралы нақты шешім шығарады. Сонымен бірге қабылдау комиссиясы балалардың ата-аналарымен режимге, оқу үдерісі және оқыту бағдарламасына, әскери мектептегі оқудан кейінгі мүмкіндіктері мен келешегіне қатысты жұмыстар жүргізеді.
 





Яндекс.Метрика