Білім беру

«Болашақ» стипендиясына үміткерлердің барлық санаттары үшін қажетті жұмыс өтілі 2 жылға дейін арттырылады

2016 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына үміткерлердің барлық санаттары үшін қажетті жұмыс өтілі 2 жылға дейін арттырылады, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан17 Тамыз , 15:58

«2016 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына үміткерлердің барлық санаттары үшін қажетті жұмыс өтілі 2 жылға дейін арттырылады», - деді Ғ.Нығметова.

Белгілі болғандай, 2014 жылдан бастап тәуелсіз сарапшылар комиссиясының жұмысы қарастырылып, күшейтілді –бұл  іріктеу кезеңінің соңғы шешуші кезеңі.

«2014 жылдан бастап оның құрамы күшейтілді, оған еліміздің бірқатар оқу орындарының білікті мамандары тартылды, тіпті «Бәйтерек» холдингісінің мамандары енгізілді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика