Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Алматыда «Күнделікті офтальмологиялық тәжірибедегі инновациялық технология» атты конгрес өтуде

24 қазанда Алматыда жақын және алыс шет елдердің алдыңғы қатарлы мамандары, республика өңірлерінің штаттан тыс бас мамандары, ТМД елдері мен отандық ЖОО көз аурулары кафедраларының меңгерушілері мен отандық офтальмологтардың қатысуымен «Күнделікті офтальмологиялық тәжірбиедегі инновациялық технология» халықаралық конгресі өтуде, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы24 Қазан , 14:00

«Бұл конгресс республиканың ең көне ғылыми-клиникалық мекемелерінің бірі – Қазақ көз аурулары ҰЗИ-нің 80 жылдық мерейтойына орайластырып өткізілуде», - делінген хабарламада.

Шара барысында сарапшылар түрлі көз ауруларын емдеу мен диагностикасындағы жаңа жұмыстарды талқылады, сонымен қатар емдеу процесінде интенсификация мен сапа бақылауын қамтамасыз етуді қарастырды.

Қазақ көз аурулары ҰЗИ ғылыми және тәжірибелік қызметінің нәтижесі бүгінде халыққа жоғарғы сападағы офтальмологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мен әлемдік стандарттарға сай келетін емдеу-диагностикалық шаралардың орындалуына негіз болуда. Ал мына офтальмологиялық конгресс тек ақпарат алмасу алаңына айналып қана қоймай, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен танысып, салыстырып, зерттеп, тәжірбие алмасуға да мүмкіндік бермек.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика