Инфрақұрылымды дамыту

Мемлекет басшысы Оралдағы қала жағалауының құрылысы барысымен танысты

Бүгін, 24 қазан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына сапар аясында Оралдағы қала жағалауының құрылысы барысымен танысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан24 Қазан , 14:25

«Қала тұрғындарымен кездесуде Қазақстан Президенті аумақты абаттандыру және жол құрылысы іс-шараларының өңірдегі тұрмыс-тіршілікті жақсарта отырып, азаматтар үшін жасалып жатқанын атап өтті», - деп хабарламада нақтыланған.

Бұған бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланы дамыту және оны одан әрі абаттандыру жоспары таныстырылды.

Қазіргі уақытта қала жағалауында алаңдар ішіндегі және кіреберіс жолдар салу, жарық құрылғылары мен шағын сәулеткерлік формаларды орналастыру жұмыстары аяқталып қалды. Айналмалы субұрқақтың, басқыш алаңдарының, пандустардың, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысы  жүріп жатыр.

 

 




Яндекс.Метрика