Білім беру

Қ.Көшербаев: Қызылорда облысында 22 мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектебі» үлгісі бойынша қайта жасақталады (ФОТО)

Қызылорда облысында аймақ мұғалымдерінің тамыз конференциясы ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Қызылорда 17 Тамыз, 09:12

Конференцияны ашу барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев атап өткендей, биылдың өзінде Қызылорда облысында 22 білім нысанын салуға 6,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 19 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі. Осылайша Елбасының бізге жүктеген үш тапсырмасы толық орындалуда.

 

«Біріншіден, үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді. Енді Қызылорда облысында үш ауысыммен оқитын мектеп мүлдем жоқ. Екіншіден, апаттық жағдайдағы мектептерді 2016 жылға дейін толық жаңалаймыз. 2013 жылы Қызылордада 25 апаттық мектеп болған болса, оның 14-і қайта салынып, қалған 11 білім ошағын келесі жылдың соңында бітіруді жоспарлап отырмыз. Үшіншіден, Елбасы 2020 жылға дейін «Балапан» бағдарламасын толық жүзеге асыруды тапсырған болатын. Ал біз жыл соңына дейін балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтып, бағдарламаны бекітілген уақытынан бұрын аяқтаймыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

«Менің әкім болған жылдары жеткен жетістіктер ретінде атап өткім келетіні білім беру жүйесі өте қиын болғандықтан қатаң бақылауда болды. Осылайша 22 мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектебі» типі бойныша қайта жасақтайтын болдық. Ұстаздар біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Оның үстіне бұл үлкен шығындарды қажет етеді, алайда инвестициялар өзін – өзі болашақта ақтайды», - деп толықтырды Қ.Көшербаев.

Өз кезегінде, Аслан Сәрінжіпов облыс жұртшылығын құттықтап, қызылордалық оқушыларға жаңа оқу жылын ойдағыдай табысты аяқтауға тілектестігін білдірді.

«Елбасы жыл сайын республикада 100 мектеп салуды тапсырған болатын. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда Қызылорда облысы көш бастап келеді. Еліміздегі аймақтар арасында білім саласына үлкен мән беріп, білім ошақтарын ашуда да алдыңғы орында. Осындай білім саласына көрсетілген қамқорлықтың арқасында биыл Сыр өңірінің түлектері Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша алдағы бесінші орынға шықты», - деді А.Сәрінжіпов.

Айта кетерлік жайт, тамыз конференциясы барысында аймақтың бірқатар еңбегі сіңген ұстаздарына құрмет көрестілді, олар «И.Алтынсарин», «Білім саласының құрметті қызметкері» төс белгілерімен және облыс әкімінің құрмет грамоталарымен  және алғыс хаттарымен марапатталды. 





Яндекс.Метрика