Энерготиімділік

Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық АЭК шекті тариф бойынша жұмыс істейді (ВИДЕО)

Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық АЭК (аймақтық электржелілері компаниялары) шекті тариф бойынша жұмыс істейді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Марат Мұстафин «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 13:48

«Өздеріңіз білетіндей «100 нақты қадам» бағдарламасында АЭК нығайту көзделген. Қазіргі таңда еліміз бойынша осы мақсатта үлкен жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылдың 5 мамырынан бастап осы саладағы бірқатар заіңнамаларға сәйкесінше түзетулер мен өзгертулер енгізілді. Енді, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық АЭК шекті тариф бойынша жұмыс істейтін болады», - деп түсіндірді ол.  

Оның айтуынша, Қазақстанда шағын АЭК көп, олар бір АЭК-тан екінші АЭК-қа өткізу барысында тарифтерді арттырады. Жақын арада барлық шағын аймақтық электржелілері компаниялары нығайтылады, осылайша тариф тұрақтандырылады.

«Бұдан басқа, энергияны үнемдеу ұйымдарының функцияларын АЭК-қа беру мәселесі қарастырылуда. Бұлда өз кезегінде тарифтерді тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деп түйді М. Мұстафин.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика