Баланы қорғау

«Best For Kids» Қоғамдық қоры Ақкөл және Жолымбет балабақшасының тәрбиеленушілеріне әлеуметтік бейімделу бойынша тренинг өткізуде

Астанада «Best For Kids» Қоғамдық қоры Ақкөл және Жолымбет балабақшасының 140 тәрбиеленушісіне әлеуметітік бейімделу бойынша тренинг өткізуде, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы24 Қазан , 13:12

Қордың мәліметінше, 2013-2014 жылдық оқу жылына  арналған «Ақкөл және Жолымбет  балабақшасының  тәрбиеленушілерінің әлеуметтік бейімделуі»  жобасы бойынша мына жоспарлар қарастырылады: шығармашылық және спорттық мастер-кластар, білім беру курстары, өмірлік және жетекшілік білімді жетілдіру бойынша семинар», - деп хабарламада нақтыланған.

Оған қоса, балабақша түлектерін қолдау ретінде тәлімгерлер жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Балалардың әр түрлі бағытта жетіліп, дамуына әсер ететін тәлімгерлер 6 мен 18 жас аралығындағы 140 баламен жұмыс істеуде.

«Біз қалада тәлімгерлер саны жыл сайын артып келе жатқанына өте қуаныштымыз. Бұл барлығынан бұрын жастардың қоғамдық өмірге араласу дәрежесін көрсетеді. 2013-2014 жылға арналған BFK жобасы ААА бойынша тұрақталып тиімділігін арттырды деп ойлаймыз. Ал балалар біз келген сайын қуануы барлық уақыт пен қызметтердің ақталғанын көрсетеді», - деп BFK Президенті Көпжан Мүсірепов мәлімдеді.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика