Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ШҚО-да «Жандану» экологиялық жобасы аясында ауыл жастары үшін I Эко-форум өтеді

30 қазан күні ШҚО-ның Үржар елді-мекенінде «Жандану» экологиялық жобасы бойынша ауыл жастары үшін I Эко-форум өтеді, деп жобаның баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан24 Қазан , 12:59

«Форумға Үржардың 700 жас тұрғыны қатысады. Оның ішінде аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары, меморганның қызметкерлері, жастар орталығының өкілдері де бар», - деп хабарламада нақтыланған.  

Форумның бағдарламасы бойынша «Жастар және экология: жаңа көзқарас» ғылыми-тәжірибелік конференция және «Жандану» деректі фильмін көрсету жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуінің негізгі бағыттарын атап өтпек. Ал жастар орталығының өкілдері эко-туризмге аорналған жобаларын таныстырады.  

Ауылдық жерде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ресми өкілдері ЭКСПО-2017 жобасын таныстырады. Оның негізгі идеясы ҚР одан әрі имиджінің қалыптасуы болып табылады.  

Айта кетерлігі, Ә. Назарбаеваның «Жандану» жобасы бойынша аталмыш форум облыс орталықтары бойынша тұңғыш рет Үржар ауылында өткізілейін деп отыр.

Форумның мақсаты- ауыл тұрғындарына «жасыл» экономикаға өту концепциясының негізін түсіндіру.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика