2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

ШҚО-ның Аягөз ауданында ҚР Конституциясының 20-жылдығына орай жастар форумы өтті

ШҚО-ның Аягөз ауданында ҚР Конституциясының 20-жылдығына орай «Мәңгілік елдің жастары» жастар форумы өтті, деп хабарлады Ақпараттық орталық.
Шығыс Қазақстан15 Тамыз , 10:34

Форум аясында Аягөз ауданы жастарының әнұраны таныстырылып, жыл бойы өзін жақсы маман ретінде көрсете білген жас мамандарға құрмет көрсетілді.  

«Білім және білікті жастар – бұл ел болашағы. Біздің мемлекетімізде жастар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған, қолдауда көрсетілуде», - деп атап өтті Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов форумның ашылу барысында.

Шара барысында көрермендер «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымын тамашалап, «Аягөз жастары»  көңілді тапқырлар командасы көтеріңкі көңіл сыйлады. Марапаттау салтанатында жылдың үздік жас мамандарына диплом мен естелік сыйлықтар тарту етілді. Олардың қатарында дәрігерлер, педагогтар, кәсіпкерлер, студенттер, әлеуметтік жұмысшылар, спортшылар мен теміржолшылар бар.

Жас дәрігер Гүлім Жескембаеваның айтуынша, мұндай шаралар жастардың басын біріктіріп, патриоттық сезімін тәрбиелейді және одан ары үлкен жетістіктерге ұмтылуға итермелейді. 




Яндекс.Метрика