Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Ұлыбританияның қорғаныстық-өндіріс кешенінің өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма бастығы Болат Смағұлов ADS Group Limited сауда ұйымы өкілдерімен кездесу өткізді. Ол Ұлыбритания компанияларының корғаныстық-өндірісі мен авиациялық-ғарыштық қызығушылығына жауап береді, деп «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан24 Қазан , 12:36

« Кездесуде ADS Group Limited өкілдері олардың компаниялары қазақстандық қорғаныстық-өндіріс кешенімен жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті. Олар қазақстандық компаниялармен ынтымақтасып, бірге қызмет етуге дайын екендерін мәлімдеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Оған қоса, компания сапарының барысында ADS Group Limited өкілдеріне қазақстанның қарулы ведомстволарының өкілдері өз кәсіпорындарының өндірістік бағытын әспеттейтін таныстырылым көрсетті.  

Сапардың екінші күні ADS Group Limited өкілдері «Семей инжиниринг» АҚ кәсіпорнын тамашалап, зауыттың техникалық жаңғыртылуын бағалады.

Айта кетейік, ADS Group Limited құрамына 2600 кәсіпорын кіреді.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика