ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

2013 жылы Қарағанды облысында білім берудің 60-тан астам инновациялық жобасы енгізілуде

Қарағанды облысында Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы білім берудің 60 инновациялық жобасы енгізілуде, деп облыс әкімдігінң баспасөз қызмті хабарлады.
Қарағанды24 Қазан , 11:17

«Облыста  білім берудің  60 инновациялық жобасы енгізілуде, оған қоса Халықаралық Бакалавриат көпдеңгейлі кәсіптік білім беруді жүзеге асырады», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, оңтүстік корей елінің АХА компаниясы, неміс компаниясы «Лукас Нулле», қазақстандық «Лидос ЛТД», Назарбаев Университеті, Беларусь елінің кәсіптік білім беру институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау үшін 2013 жылдың соңына дейін білім беру жүйесі бойынша метепке дейінгі балалардың 98,5 пайызын қамту жоспарланып отыр. Білім алушылардың 1 компьютерге 5 адамнан келетіндей етіп және кең ауқымды интерент желісіне 87 пайызды қосу көзделген. Сонымен қатар, 2011-2013 жылдары жетім балаларды баспанамен қамту үшін 100 пәтер бөліну жоспарын тәмамдау мақсаттардың бірі.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика