Ұлттың денсаулығы

А.Мұхамедиұлы: Қазақстанда жастар арасында спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде (ВИДЕО)

Балалар мен жасөспірімдер арасында спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде, уәкілетті органдармен, ҚР БҒМ мамандарымен бірлесіп мектептерде спорт секцияларын, клубтарын ашу және жарыстар өткізу бойынша шаралар қолға алынуда, деп ағынан жарылды ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы Спорт күніне арналған салтанатты шарада.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 11:19

«Соңғы жылдары  спорттық жұмыстың сапасын арттыру және спорттық базаны нығайту бойынша қыруар шаруа атқарылды. Тіпті, балалар мен жасөспірімдер арасында спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде, уәкілетті органдармен, ҚР БҒМ мамандарымен  бірлесіп мектептерде спорт секцияларын, клубтарын ашу және жарыстар өткізу бойынша шаралар қолға алынуда. Ведомсвтоның қызметінің басты бағыттарының бірі студенттер арасындағы спортты дамыту, оларды 2016-2017 жылдары өтетін жазғы және қысқы универсиадаларға дайындау », -деді А.Мұхамедиұлы.

Ведомство басшысы атап өткендей, жаппай спорттың басты бөлігі президенттік тестерді тапсыру, ол 2015 жылдың сәуір айында басталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, көп жылдар бойы Қазақстан тамыз айының әр үшінші жексенбісінде – Спорт күнін атап өтуде.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика