Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Кәсіподақ пен тау-кен өндірісінің кәсіпкерлігі метал құнының төмендеуі кезінде жұмыскерлерді қорғау мәселесін талқылады

Кен өнеркәсібі мен кен-металлургия кәсіпкерлігінің қауымдастығы және осы салада қызмет ететіндердің кәсіподағы метал құнының төмендеген жағдайында жұмыскерлерді қорғау бойынша 2014-2016 жылдарға арналған салалық келісімді дайындау үстінде. Бұл жайлы қауымдастықтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астана қаласы24 Қазан , 11:55

«Астанада қауымдастық төрағасы Н.Радостовец пен кен-металлургия кәсіпкерліктерінің жұмысшылары кәсіподағының төрағасы А.Нұралиннің қатысуымен кен-металлургия өнеркәсібі әлеуметтік әріптестігі бойынша салалық комиссияның отырысы өтті. Шараның басты тақырыбы 2014-2016 жылдарға арналған Салалық келісім жобасын талқылауға арналды», - делінген хабарламада.

«Кәсіпкерліктің өнімділік деңгейінің төмендеуі мен метал құнының құлдырауы жағдайында жұмысшылар санын сақтауға кепілдік беретін шаралар қарастырылуы керек. Аталмыш Салалық келісімнің басты ерекшелігі де жұмыскерлердің қысқаруы жағдайында өзара міндеттерді орындау мен бірқатар жағдайларда көмекші жұмысқа тартылуын қадағалау», - деді Н.Радостовец.

Айта кету керек,  кен өнеркәсібі мен кен-металлургия кәсіпкерлігі қауымдастығы салалық келісімге еңбек өнімділігі мен тауар сапасын арттыру мақсатында экономикалық резервтерді іздеу мен құру үшін жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың жауапкершіліктерін арттыратын бөлім енгізуді көздеп отыр.

Сонымен қатар, Салалық келісімнің ақырғы нұсқасы тараптар арқылы расталып, 2013 жылдың соңына дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан мақұлдануы лазым.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика