Өңірлер

Қазақстандықтардың мемлекет алдындағы қарызы 227 млрд теңгені құрады – ҚР Әділет министрлігі

Бүгінде қазақстандықтардың мемлекет алдындағы қарызы 227 млрд теңгені құрады – олар әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баж салығы және мемлекетке келтірілген шығын. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Әділет министрлігі сот актілерінің орындалуы бойынша департамент директорының орынбасары Саида Сағадат хабарлады.
Нұр-Сұлтан14 Тамыз , 11:02

«Мемлекеттік сот орындаушыларындағы құжаттарға келетін болсақ, мемлекет алдындағы қарыз сомасы 227 млрд теңгені құрады. Олар әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баж салығы және мемлекетке келтірілген шығын және т.б.», - деді ол.




Яндекс.Метрика