Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылы Қазақстанда электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форум өтеді

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі мен Корея Республикасының Қорғаныс және мемлекеттік басқару министрлігі Электрондық үкіметтің 2013 жылғы Ғаламдық форумының жұмысы барысында электрондық үкіметті дамыту саласындағы әріптестікті нығайту туралы келісті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан24 Қазан , 11:14

Екі ел арасындағы әріптестікті  нығайту туралы құжатқа қол қойылды. Аталған құжатта  тараптардың Е –үкімет саласында өзара  тәжірибе алмасып, білімдерімен бөлісуі, сондай-ақ  семинарлар мен дөңгелек үстелдерді  бірлесе ұйымдастыруы, бірлесе жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін зерделеу және электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумды өткізуде  өзара тығыз қарым-қатынас орнату  көзделген.

Қазақстан Республикасындағы электрондық үкімет жобасының қарқынды түрде  дамуына, сондай-ақ  Ақпараттық коммуникациялық технологиялар жөніндегі халықаралық рейтингіде  Қазақстанның жоғары көрсеткішке ие болуына орай Біріккен Ұлттар Ұйымы  Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумды  2014 жылдың қазан айында Қазақстанда ұйымдастыру туралы шешім шығарды.

Электрондық үкіметті  дамытуда  жаңа әлемдік үрдістердің («smart government») пайда болуына орай Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық Форумды өткізу туралы  бастаманыБҰҰ көтерген болатын. Алғашқы форум  2012 жылы Сеулде  өтті.

Форум биыл да Оңтүстік Корея елінде  ұйымдастырылды  және БҰҰ-ның қолдауымен  Электрондық басқарудың теориясы  мен тәжірибесі (ICEGOV) жөніндегі 7-халықаралық конференциясымен бірлестірілді.

Мемлекеттік құрылымдардың,  іскер топтардың  және халықаралық ұйымдардың өкілдері – әлемнің  40 елінен жиналған 100 ден астам қатысушы Оңтүстік Корея елінің астанасында  бас қосып, жаңа ақпараттық дәуірдегі  электрондық үкіметтің ролі мен жаңа үрдістерді  талқылға салып, өзара  пікір алмасты.  Басты тақырып – «Ақылды үкімет және қоғам: ашықтық, пікір алмасу, коммуникация және әріптестік».




Яндекс.Метрика