Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Оңтүстік Қазақстан облысында көкөніс сақтаудың заманауи қоймасы салынды

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі «АсарKZ» қызметтік-дайындау кешені базасында жаңа өндірістік нысан көкөніс сақтау қоймасы салынды, деп хабарлайды «ҚазАгроФинанс» АҚ баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан24 Қазан , 10:37

«Жылына бір уақытта 5600 тонна қуаттылығы бар көкөніс сақтау қоймасының құрылысы «ҚазАгроФинанс» АҚ тарапынан қаржыландырылды. Жобаның жалпы құны 489 млн теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

Заманауи құрылыс испан технологиясы арқылы салынған. Қазірден бастап қойма көкөністерді қабылдау үстінде.

Айта кету керек, республика көлемінде «Көкөніс сақтау қоймаларын салу мен модернизациялау» инвестициялық бағыты аясында «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы қуаттылығы 91 187 тонна болатын 17 көкөніс сақтау қоймасы қолданысқа берілді. Биылғы жылы тағы осындай 4 ірі қойма салыну жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика