Білім беру

Ұлт жоспары: ЕҰУ ғарыш техникасы мен технологиясын әзірлейтін мамандарды даярлайтын болады

100 нақты қадам бағдарламасы аясында Еуразиялық ұлттық университет екі мамандық бойынша кадрларды даярлайды: «Құрылыс материалдарын, өнімдерін және құрылғыларын шығару» және «Ғарыштық техника және технология», деп хабарлады ЕҰУ ғылыми-тексеріс жұмысы бойынша ректордың орынбасары Абзал Талтенов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан13 Тамыз , 12:38

«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  екі мамандық бойынша кадрларды дайындайды: «Құрылыс материалдарын, өнімдерін және құрылғыларын шығару» және «Ғарыштық техника және технология», – деді А. Талтенов.

Бұдан басқа, магистратураның бірінші мамандығы оқу бағдарламасы бойынша Университетпен экономиканың шынайы секторлары өндіріс және кәсіпорындар арасында тығыз қарым қатынас орнатылған.

«Шетелдік ЖОО-серіктес ретінде магистратураның екінші бағдарламасымен Берлин техникалық университеті (Германия) анықталған, ал бағдарламаны іске асыруда негізгі кәсіпкер-серіктес «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК АҚ, «Сары шаған» шағын ракеталы-ғарыштық полигоны, «Байқоңыр» ғарыш алаңы және «Петропавл ауыр машина өңдеу заводы» АҚ  болып табылады. Түлектерді ары қарай жұмысқа орналастыруға осы кәсіпорындармен келісім шарт жасалған», – деді  А. Талтенов.




Яндекс.Метрика