«Сайланған 247 әкімнің 188-і бұрынғы әкімдер, 26-сы мемлкеттік кәсіпкерлікте, мекемелерде, ұйымдарда жұмыс істегендер, 9-ы әкімдік аппаратының қызметкері, 18-і мемлекеттік емес сектор өкілдері, 6-ы өзге де қызметте болғандар. Осылардың 236-сы «Нұр Отан» партиясының мүшесі», -делінген хабарламада.
Осыған қоса, сайланған әкімдердің ішінде 40 әйел әкім бар.
Сайлауға жалпы 700-ден астам үміткер қатысқан. Олардың орташа жас көрсеткіші 43-46 аралығында.