Инновациялар

Қазақстанда жасалынған: «Цесна» компаниясы жыл сайын өндірістік технологиясын жаңартады (ВИДЕО)

«Цесна» компаниясы жыл сайын өндірістік технологиясын жаңартады, деп хабарлады «Цесна-Астық» концерны» ЖШС №1 ұн зауытының бастығы Наталья Мартьянова « Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 13 Тамыз, 08:37

«Біздің өндірісте екі диірмен бар, олардың жалпы қуаттылығы  тәулігіне 450 тонна бидайды  өңдеуге жетеді. Сонымен қатар, элеваторда жұмыс істейді», - деді Н.Мартьянова.

Оның айтуынша, кәсіпорында барлық қажетті құрал-жабдықтар спектыры бар. Мысалы, бидайды тазарту бөлімін алатын болсақ, онда олар бидайды барлық қоқыр-соқырлардан тазартады.

«Кәсіпорындарымызда өндірістік-технологиялық зертхана жұмыс істейді, ол әр екі сағат сайын өнімнің үлгісін алып талдау жасайды. Біз әрқашан өніміміздің сапасын арттыруға тырысамыз», - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Цесна-Астық» компаниясы «Бизнестің жол картасы - 2020», «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламаларына қатысқан.

«Цесна-Астық» компаниясының бас директоры Владимир Лихтейдің айтуынша, барлық мемлекеттік бағдарламалар өте тиімді. Олар дамуға, стандарттарға қолдау көрсетуге, әлемнің озық тәжірибесінен қалып қалмауға, басқаруда үлкен септігін тигізеді.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика