Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Қазақстан әскерінің мерзімді қызметін өтеген сарбаздар запасқа шығуда

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері мен құрамаларында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталы. Әскер түрінен мыңға жуық мерзімді қызметтің әскери қызметшісі запасқа шығарылды, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы23 Қазан , 17:41

«Командирлер жауынгерлерге үлгілі қызметтері үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қызметтері жас жігіттер үшін ерлік пен патриотизм мектебі болғанын айтты», - деп хабарламада нақтыланды.  

«Әскери қызметін өтеу кезінде сарбаздарда шын мәніндегі жауынгерлік сапа қалыптасады. Біздің жауынгерлеріміз спортпен шыныққан және төзімді. Сендер әскерде жүріп, жақсы жауынгерлік тәжірибе алдыңдар, әртүрлі көлемдегі тактикалық оқу-жаттығуарға қатыса жүріп, қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты меңгердіңдер», – деді Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығы полковник Марат Уашпаев.

Әскер қатарынан запасқа шығарылған әскери қызметшілер кез келген сәтте Отанды қорғауға дайын шын мәніндегі Отан қорғаушылары болып табылады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика