Жемқорлыққа қарсы күрес

Астанада терроризмді қаржыландыру мен ақшаның шеттетілуіне қарсы күрес бойынша семинар өтеді

24 қазанда Қаржы полициясы академиясында «Терроризмді қаржыландыру мен ақшаның шеттетілуіне қарсы күрес: оның орындалу тәсілдері мен құзіретті органдардың бірігіп қызмет етуі» атты ғылыми-тәжірбиелік семинар өтеді, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Қазан , 17:37

«Ғылыми-тәжірбиелік семинарда қатысушылар терроризмді қаржыландыру мен ақшаның шеттетілуіне қарсы күресті жүзеге асыру мен құқық қорғау органдары арасындағы әріптестікті кеңейту мәселесін талқылайды», - делінген хабарламада.

Шараға есірткіге қарсы күрес жөніндегі АҚШ Федералды басқармасы, БҰҰ, ҚР Ұлттық банкі мен Қаржы полициясы орталық аппараты бөлімшелерінің жетекшілері, ҚР ҰҚК, ІІМ, ҚР Қаржы министрлігі өкілдері, ҚР Дін істері бойынша Агенттіктің терроризмді қаржыландыру мен ақшаның шеттетілуі жөніндегі халықаралық сарапшылары қатысады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика