Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Дубайда «Павлодар» арнайы экономикалық жобасы таныстырылды

Бүгін, 23 қазанда қазақстандық делегат Дубайда Араб әмірлігі аймағындағы ғаламдық еркін сауда және арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әлемде23 Қазан , 17:11

«Самитте «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы таныстырылды. Ол Павлодар өңірінде химиялық, мұнай-химиялық салалар мен экспортқа бағытталған өнімдерді дамытуды іске асыру аясында құрылған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақ жерінде жоғарғы технологиялы, экологиялық қауіпсіз заманауи технологиялар қолданылады.

Халықаралық форумда Қазақстан делегатының  мүшелері Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтың дамуы мен инвестиция тарту  қызметтері бағыттарының негізін таныстырды.

 

 




Яндекс.Метрика