Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

ҚР-да жылына 5 мың ІІМ қызметкері «Қауіпсіз жол» акциясы бойынша жол қозғалысын бақылайды

ҚР Ішкі істер министрлігі жол-көлік оқиғасының санын азайту мақсатында жалпы республикалық «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасын өткізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Казахстан23 Қазан , 16:46

«Шараға жыл сайын шамамен 5 мың ішкі істер органының қызметкерлері ат салысады. Әкімшілік полиция бөлімшелерінің барлық құрамы күшейтілген қызметке кірісіп, кезекшілік мен патруль қозғалысы саны өсті», - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, шараның өткізілген 2 күнінде полиция қызметкерлері 17 мыңнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылу оқиғаларымен ұшырасқан. Соның  4 мыңы жүргізушінің жылдамдықты арттыруынан болса, 2 мыңы қауіпсіздік белдігінің тағылмауы, 1 мыңнан астамы рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу арқылы орын алған.

Қалған тәртіпсіздіктерге көлікті алкоголь ішіп айдау, қарсы бетке шығып кету, жаяу жүргіншілерді өткізбеу, апаттық жағдай жасау себеп болған.

Сонымен қатар, тиісті емес жерлермен жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілермен де белсенді жұмыс жүргізілуде. Екі күннің ішінде 1 мыңнан астам жүргінші ереже бұзған.

Акция 27 қазанға дейін жалғаспақ.

 

 




Яндекс.Метрика