Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

БҚО-да МЕҰ өкілдері Қазақстандағы еңбек жанжалдарының алдын алу және реттеу сұрақтарын талқылады

Батыс Қазақстан облысында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық альянсы және «ӘДІЛЕТ – құқықтық қорғау орталығымен» бірлесіп, «Болашақ бүгіннен басталады!» атты акциясы аясында «Еңбек жанжалдарының алдын алу және реттеу» тақырыбында семинар өткізілді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан23 Қазан , 15:51

«ҚР заңнамаларын қатаң сақтап, кәсіпорындардың пайдасы мен еліміздің дәулеттілігі арасындағы тепе-теңдікті таба біліп, әлеуметтік серіктестікті жүзеге асыру арқылы  еңбек жанжалы шешіледі. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын әртүрлі тәсілдермен реттеу арқылы, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы конструктивті диалогтың жетіспеушілігін жеңіп, өзара міндеттілік пен жұмыс жасау ережелерін қатаң сақтауға қол жеткізу қажет.

Шараға мемлекеттік органдар, кәсіподақ пен үкіметтік емес ұйым  өкілдері қатысқан болатын.

 




Яндекс.Метрика