Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Барлық зейнетақы қорлары 2014 жылға дейін біріктіріледі – Қ.Келімбетов

Қазақстанның барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары 2014 жылдың II жарты жылдығында біріктіріледі, деп бүгін Мәжілістің пленарлы отырысында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Казахстан23 Қазан , 15:36

«Қазақстанның барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары 2014 жылдың II жарты жылдығында біріктіріледі деп күтілуде», - деді Бас банкир.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық жекелеген зейнетақы салымшы шотын қаңтардың соңына дейін бірыңғай зейнетақы қорына жинақтау туралы Үкіметке тапсырма берген болатын. БЖЗҚ меншік иесі ҚР Үкіметі болмақ.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2013 жылдың тамыз айында Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) негізінде құрылды.

2012 жылдың 1 желтоқсандағы көрсеткіші бойынша республика аймағында 11 жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеуде. Олардың зейнетақы жинағындағы қаржы көлемі 3,116 трлн теңгені құраған (шамамен 21 млрд доллар). Жүйеде жалпы саны 8,5 млн тұтынушының шоты ашылған. Бұл елдегі жұмысқа жарамды барлық халықтың 95 пайызын құрайды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика