Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

ҚР-да е-үкіметті дамыту тәжірибесі Сеулде өтіп жатқан Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумда талқыланды

Сеулде өтіп жатқан Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумда қазақстандық электрондық үкіметті дамыту тәжірибесі талқылануда, Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Қазан , 14:30

««Ақылды  үкімет және қоғам: ашықтық, тәжірибе алмасу, коммуникация және әріптестік» тақырыбына арналған пленарлық отырыс пен дөңгелек үстел барысында  әлемнің 40 елінен жиналған делегаттар алдында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сарсенов пен «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары  Бикеш Құрманғалиева қазақстандық электрондық үкіметтің дамуы мен жетістіктері және болашағы туралы айтып берді», - деп хабарламада нақтыланған.

Форум қатысушылары Қазақстанның аз уақыт ішінде бұл салада айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауына сәйкес, 2012 жылы Қазақстан Республикасының е-үкіметі даму деңгейі бойынша әлемде  38- орынды иеленсе, электрондық қатысу индексі жөнінен 2- орынға ие болды. Ал,  2013 жылдың мамырында электрондық лицензиялаудың қазақстандық жүйесі WSISProjectPrizes халықаралық байқауының «E-Business» номинациясын жеңіп алды.

Журналистермен жүздесу барысында Сәкен Сарсенов елімізде  мемлекеттік қызметтер және  сервистерді  автоматтандыру  мен оңтайландыруда атқарылған іс-шаралар, сондай-ақ электрондық үкіметті одан әрі  дамытудың  жоспарлары туралы  толығырақ әңгімелеп берді. Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін  551 қызметтер мен сервистер автоматтандырылса, келесі  жылы рұқсат  құжаттарының   барлық түрін автоматтандыру процесі  аяқталады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика