Президент тапсырмаларының орындалуы

Алкоголь кезең-кезеңімен қымбаттайды– ҚР Премьер-министрі

Алкоголь өнімдеріне акциз төлемін бірден көтеріп жіберу аталмыш өнімнің көлеңкелі жолмен таралуына жол ашуы мүмкін, сол себепті оған қойылатын салық құны кезең-кезеңімен өседі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысында Премьер-министр мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақстан-2050» Стратегиясы» порталының тілшісі.
Астана қаласы23 Қазан , 13:07

«Алкоголь өнімдеріне акциз бен баға өсімі мәселесі өте қажет, Үкімет мұны дұрыс деп біледі, оның үстіне Кедендік Одақ шеңберінде біз Белорусь республикасы мен Ресей Федерациясынан анағұрлым артта тұрмыз. Алайда алкоголь өнімдеріне, әсіресе күшті алкогольге акцизді өсіру мәселесіне біздің кезең-кезеңімен қол жеткізуіміз керек екенін айтқым келеді. Өйткені мұндай өнімдерге акцизді көтеру, бірден көтеріп жіберу аталмыш өнімнің көлеңкелі нарығына алып келуі ғажап емес», - деді Премьер-министр Серік Ахметов 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылап жатқанда Мәжіліс депуттарының сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, күшті алкогольдік өнімдер, сыра мен алкогольсіз сыраны, әлсіз алкоголь өнімдерінің тұтынылу дәрежесін төмендету үшін акцизді өсіру қарастырылмаған.

Серік Ахметовтың айтуынша, биылғы жылдың желтоқсан айында талқылауға салынатын алкоголь өнімдерін өндіруді мемлекеттік бақылау бойынша заң жобасын бүгінде үкімет қарастырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы көлеңкелі экономиканың көлемін төмендету, атап айтқанда алкоголь өнімі айналымын бақылауды күшейту жұмыстарының созылып жатқанын атап өтті.

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика