ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысады

«Дарын» республикалық ғылыми-тәжірбиелік орталығы оқушылар арасында информатикадан V Еуразиялық олимпиада өткізеді. Байқауға іріктеу кезеңі 27 қазанда ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Дарын» орталығының ресми порталы.
Казахстан23 Қазан , 12:35

«Олимпиада білім беру саласындағы үкіметаралық келісім негізі мен Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технология,механика мен оптика зерттеу университеті әріптестік келісімшарты негізінде өткізіледі», - делінген хабарламада.

Олимпиадаға 3 оқушы мен 1 жетекшіден тұратын командалар құрамы қатысады.

Сонымен қатар, іріктеу интернет-кезеңі Санкт-Петербургтегі олимпиадамен қатар 27 қазанда өткізіледі және екі жақта да бірдей тапсырмалар беріледі.

Информатика бойынша Еуразия олимпиадасына қатысатын командалар саны іріктеу кезеңінен кейін белгілі болады. Қорытынды байқау 23-24 қарашада Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті базасында өткізіледі.

 




Яндекс.Метрика