Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Қазақ құрылыс және архитектура ғылыми-зерттеу және жобалау институты Сингапур компаниясымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Қазақ құрылыс және архитектура ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры Тұрлыбек Мұсабаев Сингапур республикасы Үкіметі жанындағы консалтингтік компанияның бас директоры Пан И Янмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Аймақтық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан23 Қазан , 12:06

«Кездесу барысында тараптар архитектура, қала құрылысы мен құрылыс саласында әріптестік және түсіністік туралы Меморандумға қол қойды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, меморандум мемлекеттік қала құрылысы тізімдемесінің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізуде технологияларды жетілдіру бойынша бұдан әрі әріптестік құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, құжат аймақтық жоспарлау мен архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласында кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселесінде тәжірбие алмасуға жол ашады.

«Қала құрылысының тізімдемесі – нысандар мен құрылыстарды орналастыруда және құрылысты рационалды және тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретін, экономиканың барлық саласын қамтитын жаңа жүйе», - деді Тұрлыбек Мұсабаев.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты Сингапур Республикасының ресми делегаттарымен екіжақты кездесу өтуде.

Сингапур Үкіметі жанындағы «Surbana International Consultants» аймақтық жоспарлау, архитектура, дизайн, менеджмент, жобалауды басқару, құрылыс, инженерлік жұмыстар саласындағы консалтингтік компания болып табылады. Компанияның жасаған жобаларының бірі Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы экологиялық қала жоспары.

 

 




Яндекс.Метрика