Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Жамбыл облысында 100 мыңға жуық адам тұмауға қарсы егілді

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында 100 мыңға жуық адам тұмауға қарсы егілді, деп хабарлайды облыстың мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау Комитеті.
Жамбыл23 Қазан , 11:33

«Аймақта жыл сайын 20 мыңға жуық адам жедел респираторлы ауруға, 70-100 мыңдай адам тұмауға шалдығады. Аталмыш науқасқа шалдыққан 14 жасқа дейінгі балалар саны 65 пайызға дейін өссе, әйелдер саны 30 пайызға артқан», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, тегін вакцинация қатер қаупі бар топтарға ғана жасалады. Олар диспанцерлік тізімдегі балалар, әлсізденгендер мен жиі ауыратындар, мектепке дейінгі бүлдіршіндер, балалар үйі мен мектеп интернаттың тәрбиеленушілері, қарттар үйінің тұрғындары мен мүгедектер және аяғы ауыр әйелдер. Сонымен қатар, жұмыскерлерінің тегін вакцинация алуына қаржы бөлген кәсіпкерліктердің қызметкерлері де тегін егіледі.

Айта кету керек, өңірде жыл сайын бюджеттік қаржы арқылы тұмауға қарсы шамамен 80 мың тұрғын егіледі. Ал биылғы жылға 74 190 адамды тегін егу үшін қаражат бөлінген.

 

 




Яндекс.Метрика