Инфрақұрылымды дамыту

«Астана-Атырау» бағыты бойынша қосымша жүрдек поезд қосылады

24 қазан күні Астана теміржол вокзалының станциясынан №19/20 «Атырау» жүрдек поезды «Астана-Атырау» бағыты бойынша жүруін бастайды, ол «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған, деп «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ-ның баспаөз қызметі хабарлады.
Казахстан23 Қазан , 11:37

«Поезд күн ара жүріп отырады. Жалпы ара қашықтық уақыты 22 сағат 57 минут Астанадан Атырауға дейін, 22 сағат 15 минут кері жол», - деп хабарламада нақтыланған.

№19/20 жүрдек поездының қосылуынан бастап Астана мен Атырау ара қашықтығының уақыты 33-тен 22 сағатқа дейін қысқарды.

Поезд 27 вагоннан құралады, оның ішінде «Гранд», «Бизнес», «Турист» вагондары бар. Сонымен қатар, поезд құрамында мейрамхана мен бар да болады.

««Гранд» деңгейі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аранайы қондырғылармен жабдықталған. Онда мүмкіндігі шектеулі жандардың арнайы қозғалуына арналған көтермелер бар. Онда жуынатын кабина, арнайы жабдықталған есіктер мен керуенші шақыратын баспа бар», - деп «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ хабарлады.

«Тұлпар-Тальго» вагондары жоғары қолайлылылықпен ерекшеленеді.Заманауи технологиялармен жабдықталған вагон жолаушылардың барлық қажеттіліктеріне жауап береді.

 




Яндекс.Метрика