Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Қазақстанда АӨК саласында 37 инновациялық жоба жүзеге асырылуда

«ҚазАгроИнновация» АҚ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде 37 зерттеу жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады «ҚазАгроИнновация» АҚ басқармасының төрағасы Сергей Могильный.
Казахстан08 Қаңтар , 00:00

«Бүгінгі күні «ҚазАгроИнновация» АҚ-н бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде 37 зерттеу жобасы жүзеге асырылуда.  Жанама орындаушылар ретінде 48 ғылыми-зерттеу ұйымдары еңбек етуде, оның 32-і  «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның еншілес ұйымдары, - деді С.Могильный.

Аталған зерттеулер Қазақстанның негізгі АӨК-і мен  ауыл шаруашылығы өңірлерін қамтиды.

«ҚазАгроИнновацияның» басшысы  ғылыми-зерттеу жұмыстары арасынан жер өңдеу саласындағы ресурс үнемдеу технологияларын зерттеу жөніндегі жобаларды айырықша атап айтты.

«Ресурс үнемдеу технологияларын зерттеу Қазақстанның 12 өңірінде жүргізіліп, оның барысында алынған тәжірибе де қоса таратылуда. Оның нәтижесі ретінде Қазақстанда ылғал ресурсын үнемдеу технологиясы қолданылатын аумақтардың ұлғаюын атауға болады, мысалы 2012 жылы мұндай аумақ 12 млн га астам жер көлемін құрады. Жүгері мен астықты жақсарту жөніндегі халықаралық орталық сарапшыларының бағалауынша, үстіміздігі жылы ылғал ресурсын үнемдеу технологиясын қолдану нәтижесіндегі астық түсімі 720 мың тоннаны, немесе ақшаға шаққанда  220 млн доллар шамасында болды», - дап атап өтті  С.Могильный.

Бұдан басқа, төраға айырықша перспективалы жобалар қатарында  өсімдік шаруашылығы өндірісін әртараптандыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің инновациялық технологиялары, ірі қара малды гендік сұрыптау және өсімдік қорғаудың биолгиялық әдістерін әзірлеу саласындағы зерттеулерді атап көрсетті. 




Яндекс.Метрика