Бюджет саясаты

2015 жылдан бастап бюджеттік бағдарламаның әкімшілік шығыны бойынша шектеу қойылады

Мәжіліс депутаттары «Бюджеттік заң шығаруды жетілдіру мәелесі бойынша кейбір заңнамалаық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Стратегия «Казахстан - 2050» веб-порталының тілшісі.
Казахстан23 Қазан , 11:21

«Екінші оқылымнан кейін мәжілісмендер тарапынан қабылданған Заң жобасы нормасы сай 2015 жылдан бастап бюджеттік бағдарлама әкімшілігі шығыны бойынша шектеу қойылмақ», - деп мәлімдеді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Мәжілістің пленарлы отырысында.  

Сонымен қатар, мемлекеттік органның бірінші жетекшісі бюджеттік қаражат толықтай игерілді, алайда бюджеттік бағдарлама нәтижесі жоспарға жетпей қалған жағдайда дисциплинарлық  жауапкершілікке тартылмақ.

Министрдің айтуынша, бюджеттік қаржының игерілмеуінде жергілікті бюджеттен минималды көлемнен төмен қаражат бөлінген жағдайда және қаржыландырылмаған сомадағы жоғарғы бюджетке қайтарылу жауапкершілігін облыс әкімі тартады.

Айта кету керек, заң жобасында бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асуын қадағалау өкілеттілігі бар, нысандарға шығуға құқылы арнайы ішкі бақылау қызметі құрылғаны жазылған.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика