EXPO-2017

Павлодарлық еріктілер ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындалуда

«EXPO Youth Team Pavlodar» қозғалысының белсенділері халықаралық көрмеге қатысуын «Еріктілік негіздері» тренингісін өткізуден бастады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар23 Қазан , 10:14

«Семинарда EXPO-2017 жұмысына Павлодар облыстың еріктілер штабын дайындау мәселесі қарастырылды», - делінген хабарламада.

Тренинг бағдарламасы бойынша «Бізге ерікті не үшін керек» тақырыбында топтық жұмыс жасалды, сонымен қатар «Әлеуметтік жобалау» жаттығуы мен команда құру бойынша іскерлік ойын ұйымдастырылды.

Айта кету керек, шара Павлодар жастар Орталығында өтті.

 




Яндекс.Метрика