Президент тапсырмаларының орындалуы

ОКҚ-нің баспасөз конференциясына Салық комитетінің Төрағасы Ә. Жұмаділдаев, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғ. Әмрин, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының орынбасары Н. Сәдуақасов қатысады

24 қазан күні сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Әнуар Жұмаділдаев, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин, сондай-ақ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасовтың қатысуымен брифинг өтеді. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы айтылады.
Астана қаласы24 Қазан , 10:00

Ел Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту жөніндегі жұмыстың салғырттығына, оның ішінде алкоголь айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасын Парламенттің қарауына енгізудің 2015 жылға ысырылу мәселесіне тоқталған еді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика