Президент тапсырмаларының орындалуы

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары ҚР Президенті тапсырмасының орындалуы жайлы айтты

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тапсырмасының орындалуы жайлы ағымдағы жылдың 11 қазанында облыс жетекшілері қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Жамбыл23 Қазан , 09:20

Кәрім Насбекұлы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аймақта қалай жүзеге асуда?

Жалпы, біздің облыста 20 пайызға жуық экономикалық аймақ шағын және орта бизнеспен айналысады. Мемлекет «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша  қолдау көрсетіп жатыр. Осыған орай көрсеткіштер жыл сайын жоғарылауда.

2012 жылы ШОБ белсенді субьектілері 2010 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14,1 пайызға, ал өндірілетін өнім 23,3 пайызға көтерілді.  

Ағымдағы жылы да тұрақты өріс қалыптасты. 8 айлық қорытынды бойынша ШОБ белсенді субъектілері 6,4 пайызға, жұмыспен қамтылғандар 3,2 пайызға көтерілді.

Аймақта  мемлекеттік-жеке серіктестік тиімділігі қандай?

Бүгінде облыста 11 балабақша, 3 шағын орталық мемлекеттік-жеке серіктестік  бойынша ашылды. Оған 1255 бала барады. Ағымдағы жылдың соңына дейін Таразда тағы 620 орындық 3 балабақша ашылады.

Қорытындысында мектепке дейін білім алу мекемесіне  мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша 1875 бала тартылды.

Сонымен қатар, аймақта перинаталды аудандық емхананың құрылысын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мерке ауданында 250 адамға қызмет көрсететін емхана және Қаратау қаласында 250 орындық аудан ашуды жоспарланып отыр.

Аймақта индустрияландыру бағдарламасы, индустрияландыру картасы қалай жүзеге асуда?

 Бағдарлама бойынша облыста 546 млрд теңгені құрайтын 38 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, ол 7 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Қолданысқа 29 жоба енгізілді, ол 4 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Оған қоса, 2013 жылы 21 млрд теңгені құрайтын 8 жоба 600 жұмыс орнын қамтамасыз етті.

Оған қоса, аймақта химиялық кластер бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда, бұл жайында Мелекет басшысы бірнеше мәрте сөз қозғаған болатын. Бұл сала Жамбыл облысы бойынша дамуда.

«Қазфосфат» ЖШС жаңғырту бойынша тағы 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, ол 2020 жылға дейін өндірісті 8 есеге көтереді.

Бұл үшін инвестбағдарлама бойынша 120 млрд теңге қаралды. Салада минералдық құндылықтарды өңдейтін «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС құрылысы жүзеге асуда.

Облыста БЭА қалай қызмет атқаруда?

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Шу ауданында «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймақ ашылды.

Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2013-2016 жылдар аралығында индустриалды аймақтың құрылысын жүзеге асыру, 2017-2025 жылы екінші бағыттағы жұмыстар жүзеге асырылады.

БЭА қуаттылығы 2 млн химиялық өндірісті өндіру қуаттылғына шығады, ол 25 бағыт бойынша қарастырылған.

Аймақта ҮИИД бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда? Олардың тиімділігі қандай?

Индустриалды бағдарламаның экономикалық әсері бойынша ағымдағы жылдың 8 айы бойынша бұл өнім 155 млрд теңге аумағын көрсетеді. Индустрияландыру картасының үлесі 20 пайызды құрады.  2012 жылы жаңа өндірістерді енгізу 2009 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда: портланцемент-501,1, ферросиликомарганец – 5,3, алтын-2, күміс-3,2, минералды құндылықтар-1,3, сары фосфор – 2,5 есеге көбейді.

Аймақта табиғи құныдылықтарды басқару тиімді жүргізілуде?

Облыста 2013 жылдың 18 қазаны бойынша табиғи құндылықтарды тиімді пайдалану бойынша  138 шарт келісім тіркелді.

2013 жылдың басынан бастап 4 келісім шарт тіркелді, оның 3 нысаны бойынша индустриалды-инновациялық жоба субъектілеріне табиғи құндылықтарды қолдану құқығы тапсырылды.

Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жолының құрылысының материалдарын дайындау 8 мердігерлік ұйым мен  табиғи құндылықтарды қолдану бойынша 36 нысанға рұқсат берілді.

Облыста энергоүнемділікті төмендету сұрағы қалай шешілуде?

Біз құжаттың жобалық-сметалық құжаттарын дайындап жатырмыз. Сонымен қатар, энергияның жаңартылған көздері бойынша жұмысты жүзеге асырып жатырмыз. Соңғы жылдары аймақта 3 кіші МЭО құрылысқа еніп, Қазақстанда тұңғыш жел электростанциясы енгізілді.

Үш жыл ішінде облыста 5 жоба энергияның жаңарту көзі бойынша жүзеге асырылды. Ол 20 млн долларды сомасында 15  МВт құрайды.

Аймақта ет өндіру өнімін арттыру тапсырмасы қалай жүзеге асуда?

Облыста «Ірі мал басының экспортқа шығуын өсіру» бағдарламасы бойынша жоспарлы жұмыс атқаруда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 жыл ішінде 265  фермерлік шаруашылық сатып алынды, ол 12,2 мың бас сүтті мал мен 500 бас  бұқаларды сатып алуға мүмкіндік жасады.   

3 жыл ішінде ІМБ 16,2 пайызға өсті. Жылдың соңына дейін Герефод, Ангус, Лимузин тұқымдары бойынша 700 басты әкелу жоспарланып отыр. Жылдық тапсырма ағымдағы жылы 100 пайыз орындалды.

Аймақтың ауылдық жерлерін дамыту бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

Жамбыл облысында 373 ауылдық пункт бар. Онда 880 мың адам шоғырланған.

Ауылдық  аймақтарды дамыту шаралары мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша жүзеге асуда. Индустриаландыру картасы, «2011-2015 жылға арналған білім беру жүйесін дамыту», «Жамбыл облысынң 2011-2015 жылға арналған даму жоспары», «Аймақтарды дамыту», «Дипломмен ауылға!» сынды бағдарламлар.

Аймақта балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту қалай жүзеге асуда?

Жамбыл облысында мектепке дейін балаларды қамту жұмысы дамып келеді, ол көрсеткіш бүгін 46,8 пайызды құрады, яғни, 2009 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 13,3 пайызға жоғарылаған.

Бұл орайда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы үлкен рөл ойнайды, аталмыш бағдарлама бойынша 2009-2012 жылдар аралығында 55 балабақша мен 130 шағын орталық салынды.

2013 жылы 11 балабақшаның құрылысы жүруде, 2 қолданысқа енгізілді, енді 2 жыл соңына дейін қолданысқа жіберіледі.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру ауқымы соңғы үш жылда 42 пайызға өсті.

 

 

 




Яндекс.Метрика