Үкімет

ҚР Үкіметі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қарады

Сенбі, 15 желтоқсан күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының жобасы қаралды.
Астана қаласы15 Желтоксан , 00:00

"Елбасы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңа Даму стратегиясын жария етті. Бұрынғы стратегияның дұрыс таңдалғанын, және ол құжаттың көптеген көрсеткіштер бойынша орындалып біткенін дәлелдедік. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында, барша қазақстандықтардың арқасында мүмкін болды",- деді С.Ахметов.
Үкімет басшысы өз сөзінде «2030 жылға дейінгі Стратегияның негізгі баптары табысты орындалды, енді біз әрі қарай бет алуымыз және өз стратегиялық назарымызды 2050 жылға дейін салуымыз керек», - деп атап көрсетті.
«Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Елбасы өз Жолдауында бірқатар нақты және маңызды міндеттер қойды», - деді С.Ахметов.
Және осыған байланысты Үкімет пен Президент Әкімшілігі бірлесіп Жалпыұлттық жоспарды бекіту туралы Жарлықтың жобасын әзірледі, деді Премьер-Министр.
Бұл мәселе бойынша экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев баяндама жасады.
Министрдің айтуынша, құжат Жолдауда жария етілген мына бағыттар бойынша әзірленеді: Жаңа бағыттың экономикалық саясаты; кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау; әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары; білім және кәсіптік дағдылар; мемлекеттілікті әрі қарай нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; бірізді және болжалды сыртқы саясат; жаңа қазақстандық патриотизм.
«Бұл Жолдау – біздің еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы. Енді Үкіметтік алдында Елбасы жүктелег үлкен міндеттер тұр: Стратегияның аясында Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына кіру тұжырымдамасын әзірлеу, еліміздің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны, АӨК дамыту бағдарламасын, әлеуметтік сала, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларына қатысты тағы бірқатар құжаттарды қабылдау міндеттері тұр», деп түйіндеді өз сөзін С.Ахметов.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелері «Мемлекет басшысының 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын мақұлдады.




Яндекс.Метрика