Ең төменгі әлеуметтік стандарт

Жамбыл облысында 2013 жылы жалақының орташа көрсеткіші 5,7 пайызға көтерілді

Жамбыл облысында 2013 жылы жалақының орташа көрсеткіші 5,7 пайызға көтеріліп, 75 мың теңгені құрады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл23 Қазан , 09:08

«2013 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша бір жұмысшының орташа жалақысы 75 097 теңгені құрады, ол 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті»,- деп хабарламада нақтыланған.

Оған қоса, әкімдіктің мәліметінше, ағымдағы жылы 26 мың адам жұмыспен қамтылды. Оның 72 пайызы жұмыспен қамту орталықтарының көмегі арқылы жұмыс тапқан.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айы бойынша жұмыссыздық саны 0,6 пайызды көрсетті.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика