Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

Оңтүстік Қазақстан облысында садақ ату спорт кешені ашылды

Оңтүстік Қазақстан23 Қазан , 09:13

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионы аумағынан «Садақ ату спорт кешені» ашылды. Пайдалануға берілген «Садақ ату спорт кешенінің» ашылу салтанатына  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен бапкерлер, спортшылар қатысты, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Спорт саласы мамандарының ұсынысымен қолға алынып, жергілікті биліктің тікелей қолдауымен аяқталған бұл спорт нысаны бір мезетте 60 спортшыны қабылдай алады. Шымкенттік спорт кешені 0,72 гактар аумақты алып жатыр. Құрылысы 2012 жылы шілде айында басталып, спорт нысаны осы жылдың қазан айында аяқталды. Құрлыстың бас жобалаушысы—жергілікті «Сити Инжиниринг» ЖШС. Жүргізуші мекеме-«Kaz imau» жауапкершілік шектеулі серіктестігі. Кешеннің салынуына облыстық бюджеттен 127,0 миллион қаржы жұмсалған», - деп хабарламада нақтыланған.

 «Бізде спорт саласы мамандары үшін, оның ішінде садақ ату мамандары үшін қуанышты жағдай. Өздеріңізге мәлім, садақ ату спорты бойынша оңтүстікқазақстандық өрендер дүбірлі додаларда намысты қолдан берген емес. Жаңадан ашылып отырған садақ ату спорт кешені облыс атынан бақ сынайтын мергендердің дайындығын күшейтіп, алдағы өтетін жарыстарға тыңғылықты дайындалуына оң ықпал етері сөзсі», - деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов.  

Шымкент қаласында халықаралық талаптарға сай садақ атуға арналған оқу-жаттығу орталығы бұрын-соңды болмаған.

 




Яндекс.Метрика