Халықаралық интеграция

Малайзия астанасында ХОК-нің 128-ші сессиясы ашылды (ФОТО)

Куала-Лумпурде бүгін Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-ші сессиясының ресми ашылуы өтіп, онда Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Разак 128-ші сесияның қатысушыларын қарсы алды.
Әлемде 30 Шілде, 19:54

Іс жүзінде сессия жұмысы 27-шілдеден басталды, Малайзия астанасына ХОК-нің делегаттары  мен Алматы мен Бейжіңнің өтініш берген комитеттерінің өкілдері келе бастады. 27-шілде күні-ақ Қазақстан мен Қытайдың Үкімет басшылары ХОК-нің мүшелерімен бетпе-бет сұхбат жүргізді. 128-ші сесияның басты оқиғасы XXIV Олимпиада ойындары мен 2022 жылы өтетін XIII параолимпиада ойындарын өткізуші елдер анықталады. Өтініштерді қорғаудың мәресіне дейін Қазақстан мен Қытай жеткен болатын.

31-шілдеде екі кандидат қала да өздерінің өтініштерін жария етіп, өздерінің ойындарды өткізу тұжырымдамаларын ұсынады. Бұдан соң кешке таман ХОК өкілдерінің даыс беру нәтижелері анықталады.   

Алматының өтініш беру комитетінің құрамында Қазақстанның олимпиада жүлдегерлері мен чемпиондары жұмыс істеуде. Денис Тен ХОК-ның өкілдері алдынды сөз сөйлейді, онда спортшы өзінің сөзінде қалың көпшіліктің «жүректерін тербететінін» айтты.

Фото Азамат Алиев

 





Яндекс.Метрика