Халықаралық интеграция

Римде Зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық конференциясының күн тәртібі талқыланды

Римде (Италия) Зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық конференцияның Аға лауазымды тұлғаларының үйлестіру кеңесі өтіп, оған 65 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде30 Шілде , 18:37

Іс-шара барысында аталған мәселеге қатысты жаһандық өңірлік конференциялардың қорытындылары және алдағы қыркүйекте Нью-Йоркте мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін саммиттің күн тәртібі талқыланды. Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Тимур Оразаев басқарды.

Қазақстандық тарап іс-шара қатысушыларын ү.ж. 29-30 маусымда Астанада өткен Орталық және Оңтүстік Азия елдері бойынша өңірлік конференция туралы хабардар етті. Атап айтқанда, осы тектес қатерлердің өсіміне және олардың лаңкестік әрекеттерге ауысып кетуіне ықпал ететін жағдайларға жол бермеуге бағытталған үйлестірілген іс-қимылдар әзірлеу және экстремизмге қарсы нақты шаралар туралы айтылды.

Делегаттар экстремизм мен лаңкестікті өзара жақын құбылыстар ретінде қарастыру жөн деп, қазіргі заманның осы басты ғаламдық қауіп-қатерлеріне қарсы қимылдар үшін жауапкершілік әрбір мемлекеттің мойнында болу керек деп келісті. Бұл қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың бірлескен қимылдары, соның ішінде лаңкестік ұйымдардың және олардың демеушілердің бірыңғай тізбесін жасалыну қажеттілігі атап өтілді.

Ү.ж. маусым айында Астанада жаһандық конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту мақсатында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары V съезінің қосқан үлесі ерекше аталып өтті.

Қазақстандық дипломат Саммит идеясын қолдап, осы саладағы экстремизм мен лаңкестікке қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға еліміздің дайындығын білдірді.

 




Яндекс.Метрика