Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамытуға қарастырылған 200 млн теңге толықтай игерілді

Бүгінге дейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға қарастырылған 200 млн теңге толықтай игеріліп, қарыз алушыға дейін жеткізілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау23 Қазан , 09:04

«Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына бағытталған 48 жобаға 118,9 млн теңге, 14 жеңіл өнеркәсіп жобасына 34,4 млн теңге, әр түрлі қызмет көрсетуге бағытталған 18 жобаға 46,7 млн теңге микрокредиттер берілді», - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, шағын несиемен жалпы саны 80 кәсіпкер қамтылған. Соның 51-і өз кәсіптерін бастау үшін несие алса, қалған 29-ы кәсіпкерліктерін дамытуды мақсат еткен.

Айта кету керек, өңірлік комиссия келісімімен қарыз алушыға 6,7 пайыз мөлшеріндегі максималды жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі тағайындалған.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика