Адами капитал

ДСӘДМ мен БҒМ бірлесіп 14 жасқа толған балаларды еңбекке орналастыру бойынша бірқатар шаралар қолдануда

ДСӘДМ мен БҒМ бірлесіп 14 жасқа толған балаларды еңбекке орналастыру бойынша бірқатар шаралар қолдануда, деді ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастығы Әсет Оспанов.
Нұр-Сұлтан30 Шілде , 17:09

«Осы бағытта жасөспірімдердің оқудан  және каникулярлық кезеңдегі бос уақыттарын ұйымдастыру мәселелерін шешуге бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурызында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым және ішкі істер министрліктерінің «Ішкі істер органдарының есебінде тұрған және жағдайы төмен және жайсыз отбасындағы 14 жасқа толған кәмелетке толмағандарды еңбекке орналастыру мәселесі бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасасу ережесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығы шығарылды», - деді Ә.Оспанов.

Оның айтуынша, бұл құжат кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикаға олардың еңбекке орналасу мәселелерін шешу арқылы жаңа серпін беретіні анық.

«Жүргізіліп отырған профилактикалық жұмысқа жасөспірімдер-балалар ұйымдарын белсенді тартылып отыр.  ІІМ «Нұр Отан» «Жас Отан» жастар қанатымен, «Жұлдыз» және «Жас ұлан» қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды», - деді ол.

Балалар мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тақырыптық дәрістер, интернет-конференциялар өткізілуде, құқықтық тақырыпқа әлеуметтік роликтер шығарылуда.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика