EXPO-2017

Вьетнам «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысанынын ресми түрде растады- ҚР СІМ (ФОТО)

2015 жылдың 29-30 шілдесінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына сапары өтті.
Әлемде 30 Шілде, 16:54

Сапар барысында Р.Жошыбаев Вьетнам Премьер-Министрінің орынбысары Ву Дык даммен, мәдениет және спорт, туризм министрі Хюинь Винь Аймен, Вьетнамның Сыртқы істер министрінің орынбасары Буй Тхань Шонмен және осы елдің жетекші деген когмпанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды еліміздің  Сыртқы істер министрлігі.  

Вьетнам Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесуі барысында екі елдің ынтымақтастығының жағдайы мен болашағы сөз болды. Ву Дык Дам Қазақстан мен Вьетнам арасындағы байланыстардың дамуына түрлі деңгейлердегі сапарлардың үдеуі септігін тигізіп отырғандығын атап өтті. Сондай-ақ ол Вьетнамның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығы туралы ресми шешім қабылдағандығын да атап өтті.  Өз кезегінде Р.Жошыбаев Астанада өтетін көрмеге Вьетнам елінің қатысуы екі  ел арасындағы серіктестік қатынастардың дамуына ықпал ететіндігін жеткізді.

«Вьетнамның Мәдениет және спорт, туризм министрі жақын арада Вьетнам елінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қоюға дайын екендігін және өз елінің ұлттық комиссарын ұйымдастыру жұмыстарын талқылап қайту үшін Астанаға жіберетінін айтты»,-делінген хабарламада.     

Әңгімілесуші тараптар сонымен қатар, туризм саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, екі ел астаналарына қатынайтын әуе қатынастын орнату, Қазақстанның туристік әлеуетін Вьетнамға таныстыру жұмыстарын талқыға салды. Әңгіме барысында Вьетнамның қазақстандықтар арасындағы жаңа бағыт ретінде өте танымал екендігі айтылды. Бұған 2013 жылдан бастап, қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясының Алматы мен Хошимин арасында қатынайтын бағыты себеп болып отыр.   

Вьетнамның Сыртқы істер министрімен болған кездесуде Р.Жошыбаев Қазақстан тарапы Вьетнам қоғамындағы кең ауқымды өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық реформалар мен нарықтық экономикаға бет бұрған мемлекет қалыптастыру жолындағы мемлекет басшылығының жетістіктерін жоғары бағалайтындығын жеткізді. Өз кезегінде Буй Тхань Шон да ЕАЭО елдері мен Вьетнам арасында жасалған келісім негізінде Вьетнам Үкіметінің Қазақстан азаматтары үшін жақын арада визасыз қатын жасау мәселесін енгізуді қарастырып жатқандығын атап өтті.      

Бұған қоса бүгін Ханойда «ЭКСПО-2017» көрмесінің комиссары 70-тен астам вьетнамдық компания өкілдері қатысқан «DoingBusinessinKazakhstan» бизнес-форумына қатысты. Онда Р.Жошыбаев Қазақстанның инвестициялық климаты, вьетнамдық бизнес үшін тиімді сауда көздері туралы, инвестициялар мен туризм туралы, көрмеге дайындық мақсатында Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып беріп, Вьетнамның іскер топтарына «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу шарттарымен таныстырды.  

ОФорум аясында «ЭКСПО-2017» тақырыптық көрмесі ұйымдастырылып, Қазақстанның халықаралық көрмеге дайындығына байланысты бейнеролик көрсетілді. Форум қорытындысы бойынша «ЭКСПО-2017 Астана» ҰК» АҚ мен Вьетнамның «Saigontourist» жетекші туристік компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.   

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика